Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Су тасқыны: 3 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: zhaikpress.kz
2,709
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы соңғы мәліметтерді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны орын алды. 

– 5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған, – делінген хабарламада.