Мамандардың айтуынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында тікелей байланысқа шыққан БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты.
– Қазіргі таңда жағдай күрделі. Себебі Жайықта су деңгейінің көтерілуі әлі байқалып отыр. Су деңгейі әлі 9,5м-ге дейін көтерілуі мүмкін, - деді ол.