Арнайы комиссия өңірдегі 400-ден астам үйді жарамсыз деп таныды.
Батыс Қазақстанда 860 отбасына материалдық көмек берілді
739
оқылды

Кеше Жайықтың суы қауіпті межеден асып кетті. Салдарынан қала маңындағы бірінші, екінші және үшінші саяжайларға су кірді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінге дейін 3300-ге жуық баспананы су басқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Тасқын салдарын тексеріп жүрген арнайы комиссия 400-ден астам үйді жарамсыз деп қорытынды шығарды.

Қазір шығын есептеліп жатыр. Облыс бойынша 860 отбасына 292 млн теңге бір реттік материалдық көмек берілді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасады.

Арнайы штабтың мәліметінше, тасқын басталғалы зардап шеккендерге 691 тонна гуманитарлық көмек берілген.

Айта кету керек, Жайықтың деңгейі күн санап көтеріліп келеді. Таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Орал қаласының тұсындағы Жайықтың деңгейі 862 сантиметрге жетті.