Бүгін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа ресейлік танымал журналист, тележүргізуші, продюсер Ксения Собчак келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, осы оқиға бойынша арнайы бағдарлама түсіруге келген.
Оның «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар. Ресей билігі Украинаға басып кіргеннен кейін Собчак соғысқа қарсы шығып, уақытша елден кеткенін мәлімдеген.