Қытайда коронавирустың бір тәулік ішінде расталған оқиғаларының саны 80 695-ке жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың расталған 80 695 жағдайы туралы 31 провинциядан (аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) ақпарат алды, оның ішінде қазіргі уақытта 20 533 адам ауырады (5264 адам ауыр жағдайда), 57 065 адам ауруханадан шығарылды, 3097 адам қайтыс болды", - делінген мемлекеттік комитеттің хабарламасында.
Соңғы тәулікте елде 44 жаңа жұқтырғандар анықталып, 27 адам қайтыс болды (барлығы Хубэй провинциясында).
Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте 367 коронавирусты жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелді,елде жұқтырғандардың жалпы саны 7134 адамға дейін өсті. Жаңа жағдайлардың 294 - і Тэгу қаласында, тағы 32-і Кеңсан-Пукто провинциясында анықталды. Сеулде және Кенгидо провинциясында 12 адам жұқтырған, қалған жағдайлар ел бойынша түрлі аудандардан. Бір тәулік ішінде алты адам көз жұмды, қаза болғандардың жалпы саны 50-ге жетті.