«AMANAT» партиясы облыстық және қалалық депутаттық фракциясының мүшелері Света Абдраманова, Қанат Сатабаев, Виктор Пряхин көшпелі мониторинг шеңберінде облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының №2 қосалқы стансасына күрделі жөндеу барысымен танысты.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Канадан Ахметжанов жергілікті мердігерлік ұйыммен шарт ақпан айының соңында жасалғанын айтты. Қазір бөлшектеу, электр жұмыстары, ауа өткізгіштерді монтаждау жүргізілді, қабырғалар мен төбелерді тегістеу, жылыту, жаңа шатырды монтаждау, желдету, қасбетті безендіру және т. б. жұмыстар жүзеге асуда.
«№2 қосалқы стансада 7-8 жедел жәрдем бригадасы қаланың бүкіл оңтүстік өнеркәсіптік аймақ бөлігінен А.Шөкин көшесіне дейін қосып алғанда Усолка және Саяжай шағынаудандарына қызмет көрсетеді. Құрылыс көлемі 50%-ға аяқталды. Жұмыстар уақытында және сапалы жүргізілуде», – деп атап өтті жедел жәрдем бас дәрігері.
Мониторинг тобының мүшелері жергілікті мердігерлермен жұмыс істеу кезінде тапсырыс берушілерде проблемалық жағдайлар іс жүзінде туындамайтынына ерекше назар аудара отырып, құрылысшылардың жұмысын оң бағалады.
Берік БЕК