«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының еріктілері су тасқынынан кейінгі жағдай тұрақтанған аудандарда тұрғындардың үйлерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуде.
Ақтөбелік жастар қарттарға көмектесуде
1,532
оқылды

Ақтөбелік еріктілер алдымен Қобда ауы­лында тұратын Екатерина Нұржұ­ма­но­ваның үйіне барып, ауыр заттарды үй­ден шығаруға көмектесті. Олар үй жиһаз­дарын күнге кептіріп, қауіпсіз орынға тасып жүр. Сондай-ақ үй іші мен ауланы тазарту жұмыстарын жүр­гізуде. 

Зейнеткер қазір жалғыз тұрады. Оның жағдайына әлеуметтік қызметкер қа­рап отыр. Су тасқыны кезінде зей­нет­кер­дің баспанасы суға кеткен. Жағдай тұрақталған соң комиссия келіп қарап, үй­дің тұруға жарамсыз екенін айтқан. Қа­рия маңдай терімен жиған мүлкін сақ­­тап қалу үшін еріктілердің көмегіне жү­гінген.  

«Жастар рухы» Жастар қанаты АОФ тө­­рағасы Әлішер Тыныштықтың ай­туын­­ша, еріктілер тек тасқын сумен кү­­ресу жұмыстарына емес, үйлерді қай­та қалпына келтіруге де атсалысуда. 

– Егде тартып, өздігінен қозғалуы қиынға соққан қариялар үй іші мен аула­сын жинай алмайды. Сондықтан біз, ең ал­дымен, жалғызбасты қарияларды қам­қор­лығымызға алдық. Осы мақсатпен Те­мір ауданына да бардық. Алдағы уа­қыт­­та да көмек қажет ететін тұрғындарға қол ұшын созамыз, – деді ол.

Айта кету керек, бүгінге дейін Қобда ау­данында 136 үй жарамсыз деп танылып отыр.

Берік БЕК