Бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
2,723
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста қарқыны қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл тұрады.

Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашын жаумайды, күн ашық.