Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда.
Жылыойда су тасқынынан зардап шеккендерге 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат төленді
962
оқылды

Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді.

Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті. 

– Жылыой ауданынан 3271 отбасына жалпы сомасы 1 267 653 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда , – деді Серік Шәпкенов. 

Баян Жанұзақова