23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні.
«Кітап-AMANAT»: Бүгін – дүниежүзілік кітап күні
582
оқылды

Бұл – кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға арналған мереке. Жыл сайын бұл мерекені бүкіл әлем атап өтеді. «AMANAT» партиясы да қазақстандықтардың зияткерлік және шығармашылық капиталын дамыту мақсатында «Кітап-AMANAT» жобасын қолға алған болатын. Нәтижесінде, «Кітап-AMANAT» мәдени-ағартушылық орталықтары әрбір елді мекенде ашылып, қолжетімді бағадағы қажетті кітап қорымен қамтамасыз етілген. Онда қазақтың әдеби туындылармен қатар әлемдік бестселлерлер де бар.

Екіншіден, жоба аясында жаңа кітаптарды талқыға салатын кездесулер, презентациялар, оқырман кештері түріндегі түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып отыр. Соның әрбіріне қазақстандық ақын-жазушылар, баспагерлер және мәдени-ағартушылық орталық өкілдері қатысады. Мысалы, жақында ғана Шығыс Қазақстан об­лыс­тық филиалындағы «Кі­тап-AMANAT» орталығында жазу­шы, драматург, аудар­машы, зерттеуші, публицист Жүсіп­бек Аймауытовтың туғанына 135 жылдық мерейтойына орай зиялы қауым өкілдері­ жастармен кездесті.

Сондай кештің бірінде Павлодар блыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова «Кітап-AMANAT» орталығының жұмысына тоқталып кетті.

 – Партия ұлттық және рухани құндылықтарымыз насихаттау, кітап оқитын азаматтардың санын арттыру мақсатында жобаны қолға алды. Өскелең ұрпақ дұрыс бағытта тәрбие алса, елдің болашағы жарқын болатынына сенімдіміз, – деді Павлодар облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.

Оған қоса, бұл кешке Торайғыров университетінің профессоры Салтанат Әубәкірова, биылғы «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы Нұрбек Кеңесбай, өңірдің ақын-жазушылары мен жастар қатысқан болатын.

Ал Атырау облыстық филиалы жанындағы «КІТАП-AMANAT»  мәдени-ағарту орталығында  «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында Жастар мәслихатының депутаттары мен оқырмандардың қатысуымен драматург,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері,  Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы  Рахымжан Отарбаевтың жары, «Отарбаевтың Руханият қоры» жеке қорының жетекшісі Сәуле Отарбаевамен кездесу өтті.

Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысында да «Кітап-AMANAT» жобасы аясында іс-шара өткізіп, оған AMANAT партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасы Қаныбек Айтжанов, аудандық кәсіподақ төрағасы Сағындық Жылқыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов, аудандық мәслихат депутаттары Бекжан Сүнбеков пен Елена Константинова келді. 

«Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен өткен шарада жас оқырмандар тәуелсіздігіміз бен ұлттық құндылықтарымыз жайындағы ұлағатты әңгімелер айтылды.