Министр су тасқынынан зардап шеккен азаматтарда екі таңдау бар екенін айтты.
Мемлекеттен үй алуға бөлінетін 22 миллион теңге қолға берілмейді – министрлік
705
оқылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға төленетін өтемақы қолма қол берілмейтінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

– Мемлекет ешқандай қаражатты ешкімге қолға бермейді. Әр адам әртүрлі. Қоғамда жауапкершілігі бар немесе жауапкершілігі жоқ адамдар бар. Қазіргі таңда үйді қайта салу үшін қолға қаражат берсек, ол адам жеке мақсатына жұмсаса, қыста ол адамды не істейміз? Сондықтан мемлекеттің шешімі осындай, - деді Шарлапаев үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Министр су тасқынынан зардап шеккен азаматтарда екі таңдау бар екенін айтты.

– Үйді қайтып тұрғызады, болмаса әкімдік арқылы екінші нарықтан пәтерлер алады. Бірақ жөндеу жұмыстарын әкімдік пен құрылыс компаниялары жасайды. Әкімдік шешімі бойынша тек бірнеше өңірде қолдарына қаражат береміз. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана, - деді ведомство басшысы.