Әнші Айдар Тұрғамбек алаяқтарға тап болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында алаяқтар жаңа әдіске көшкенін айтып, оқырмандарына ескерту жасады.
"Достар, абайлаңыздар, енді алаяқтар жаңа әдіс жасап жатыр. Жаңа маған қоңырау шалып, "сіз телефон нөміріңізді қолданып жатқаныңызға 5 жылдан асып кетіпті, қолдану уақытын ұзартасыз ба?" дейді. Мен қазір Altel абонентімін, сосын оған "мен Altel менеджерлеріне өзі қоңырау шаламын, нақтысын білемін" десем, "жоқ, мен сізге хабарласып тұрмын ғой, мен істеп беремін" дейді. Содан мен оның алаяқ екенін бірден сездім. Сондықтан абай болыңыздар, енді осындай айла-тәсілмен ақшаларыңызды алып қояды", - дейді әнші.