Жаңа «Наурыз» ипотекасын әлеуметтік осал топтағы азаматтар 7 % мөлшерлемемен несие ала алады, ал қалған қатысушыларға бұл мөлшерлеме 9 % болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
«Отбасы банк» ипотека операторы 7 %-ға үміткерлер халықтың әлеуметтік осал тобына жатып қана қоймай, тұрғын үй кезегінде тұруы керек екенін түсіндірді.
«Наурыз» ипотекасы 1 мамырда іске қосылады.
Қатысу үшін өтініш берушінің соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек.
Жеңілдікті мөлшерлемеге нақты кімдер ие бола алады?
Жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы банк» салымшылары, моноқалалар, аудан орталықтары, ауылды елді мекендердің тұрғындары қатыса алады.
Халықтың әлеуметтік осал тобына 7 %-бен, қалғандарына 9 %-бен несие беріледі.
Ең бастысы — «Отбасы банк» депозитінде 1 миллион теңге болуы керек, ал жинау мерзімі маңызды емес.
9-20-19 ипотекасы: «Наурыз» бағдарламасының шарттары белгілі болды.
«Отбасы банк» түсіндіргендей, халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабында көрсетілген.
Оларға:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7) қандастар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11) толық емес отбасылар жатады.
Қандай баспана сатып алуға болады?
Астана, Алматы, Шымкент және облыстық маңызы бар қалалардан тек жаңа үй алуға болады. «Наурыз» бағдарламасы бойынша барлық жаңа нысанды «Отбасы банк» сайтындағы «Баспана маркет» бөлімінен көре аласыз.
Ауыл, аудан орталықтары сияқты басқа аймақтарда тұрғын үй сегменті әлі талқылануда, бірақ жаңа және екінші нарықтағы, оның ішінде жер үйді алуға болатыны белгілі.