«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму мәселелері жөніндегі және Экологиялық кеңес мүшелерінің қатысуымен су тасқыны жағдайының мониторингі жасалды.
Астана су қоймасының жағдайы бақылауда
1,376
оқылды

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Өңірлік даму мәселелері жөніндегі және Экологиялық кеңес мүшелерінің қатысуымен су тасқыны жағдайының мониторингі жасалды.

Мониторингке Астана қаласы мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының, Астана қаласы ТЖД, «Қазсушар» РМК Ақмола облысы филиалының, «Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау» бөгетінің, Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының өкілдері қатысты.

Маусым басында Астана қаласының коммуналдық қызметтері елордадан полигондарға 4,4 млн текше метр қар шығарылғанын мәлімдеген. Астана су қоймасына «Қазгидромет» болжаған су көлемінен екі жарым есе көп су жиналса да «Нұра-Есіл» каналы мен «Майбалық» көлі арасында орналасқан канал қардан тазартылып, су қоймасы мен Астанадағы жалғыз бөгет су тасқыны маусымына дұрыс дайындалғанын байқап отырмыз.

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек елордадағы су тасқыны мәселесін бақылауда ұстап отыратын жұмыс тобының құрылғанын, жұмыс тобы судың көлемін, бөгет пен қойма жағдайын үнемі бақылап отыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары мен оған жақын орналасқан елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін Астана су қоймасының сыйымдылығы – 410,90 млн текше метр.

Көктем шыққалы «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан құрылған жұмыс тобы елорда маңындағы су басу қаупі бар аумақтардың, су қоймасы мен бөгет жайын жіті бақылап, тиісті шараларды қабылдап келеді.