Бітіруші түлектер жұмыспен қамтылу, жұмыспен өтеу міндетінен босатылу мәселелерінің төңірегінде сұрақтар қойды.
«Үш жылдық міндетті грант өтемі» семинары өтті
1,002
оқылды

Абай университетінде  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы»  №403 бұйрығын түсіндіру бойынша бітіруші курс білім алушыларына арналған семинар өтті. Іс-шараға 7 институттың бакалавриат, магистратура және докторантураның бітіруші курс білім алушылары қатысты.

Семинарды Академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков ашты. Ол іс-шараның маңыздылығына тоқталып, бүгінде болашақ мамандардың жоғары білім алып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп, жұмысқа орналасуға ықпал ететінін атап өтті.

Іс-шара барысында «Қаржы орталығы» АҚ жетекші маманы Ақзира Серікқали жас мамандарды жұмысқа бөлу, сұраныс беру, сұраныс қабылдау, жолдама алу, жұмыспен өтеу міндетінен босатылу қағидаларын жіті түсіндірді. Бітіруші түлектер жұмыспен қамтылу, жұмыспен өтеу міндетінен босатылу мәселелерінің төңірегінде сұрақтар қойды. Спикер білім алушылардың сұрағына № 403 бұйрық шеңберінде жан-жақты жауап берді.

Айта кету керек, Абай университетінде бұл бағытта «Мансап» орталығы жұмыс істейді. Биыл жылы ректор Болат Тілептің бастамасымен Алматы, Астана және өңірлердегі мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. 

Бүгінде университет өз кезегінде түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, білім сапасы мен сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында еліміздің Білім басқармаларымен және орта білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.

Кездесу соңында семинарға қатысқан түлектер спикерге алғыс білдірді.