Нормативтік құқықтық акт –­ қазіргі мем­лекеттердің негізгі деректерінің бірі. Онда көптеген жеке адам туралы маңызды көзқа­растар оның мүдделері, қоғамдық қаты­нас­тардың қажеттіліктері көр­сетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің маңызы
415
оқылды

Басқа құқық дерек­тері жалпы реттеушілік маңыз­­­дылыққа ие емес. Олар жеке­леген, көмекші, не қоғам­дық қатынастарды реттеудегі то­лық­тырушы рольдерінде болады. 

Нормативтік құқықтық акті­лерде көпшіліктің және жеке адам­дардың мүдделерін қорғайтын құ­қық нормалары бекітіледі және олар­ды нақтылы экономикалық, әлеу­меттік, ұлттық және осы та­рихи кезеңдердегі халықаралық жағ­­­дайларға байланысты үй­лестіреді.

Әділет органдары туралы Қа­зақстан Респуб­ликасы заңының 18-бабына сәйкес Әділет органдары жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құ­қықтық актілерін мемлекеттік тір­кеу қызметін жүзеге асырады.

Бұл орайда тек «Құқықтық ак­ті­лер туралы» Қазақстан Респуб­ликасы заңының 35-1-бабына сәйкес, осы заңның 7-бабы 2-тар­мағының 6), 7), 8) және 9) тар­мақ­шаларында көрсетілген нор­ма­тивтік құқықтық актілер Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тіркеу олардың күшіне енуінің қажетті шарты болып табылады.

Әділет органдары мемлекеттік тіркеуге ұсыныл­ған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бары­сында, ең алдымен құқықтық са­рап­тама жүргізеді.

Ол өз кезегінде, нормативтік құ­қықтық актіні қабылдаған мем­лекеттік органның қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген тікелей құзыретінің болуын қажет етеді, яғни заң актілерінде мем­лекеттік органның тиісті норматив­тік құқықтық актіні немесе нақты тәртіптерді, нысандарды және басқа құжаттарды бекіту құзыреті тікелей көрсетілуі тиіс. 

Демек, қабылданған нор­матив­тік құқықтық актілерде азамат­тар­дың заңмен көзделмеген құқық­тары мен бостандықтарын шектей­тін нормалардың қамтылуына жол берілмеуін қамтамасыз етеді. Жо­ғарыда аталған қағидалар азамат­тар­дың құқықтары мен бостан­дықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Орталық және жергілікті орган­дардың нор­мативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес айқындалады. Нормативтік құқық­тық актілер қазақ және орыс тіл­дерінде әзірленеді.

Нормативтік құқықтық акті­лердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң тер­минологиясы мен заң техникасы­ның сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің теңтүп­нұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Әзірлеуші органмен барлық сараптама алы­нып, мүдделі мем­лекеттік органдармен келісіл­геннен кейін, нормативтік құқықтық акт жобасы Әділет органдарына ке­лісуге жолданады. Келісуге түскен нормативтік құқықтық акт жоба­сына Әділет орган­дарымен сарп­тама жүргізіледі. Сараптама нәти­жесі бойынша кемшіліктер анық­талған жағдайда қайта пысықтауға жолданады. Кемшіліктер анық­тал­маған жағдайда жоба ке­лісіліп, әзірлеуші органмен мемлекеттік тіркеуге ұсынлады. 

Әділет органдарынан мемле­кеттік тіркеуден өткен нормативтік құқытық актілер Қазақстан Респуб­ликасының электронды қадағалау банкіне автоматты түрде жарияла­нады. Бұл нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республи­ка­сының кез келген азаматы таны­суы­на болады.

М.ҚАЙРАТОВ,

Абай облысы, Әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді 

тіркеу бөлімінің басшысы