Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
1,236
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми ақпаратқа сәйкес, ел аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген хабарламада. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.