Мыңдаған жыл бұрын пайда болған шоколад барлық жастағы адамдардың сүйікті өнімі. Оның денсаулыққа қандай пайдалы екенін білеміз бе?
Шоколад жеп, артық салмақтан арылуға болады
Шоколад салмақ жоғалтуға көмектеседі! Фото tea.ru сайтынан алынды
939
оқылды

Ғылыми-зерттеулердің жаңа бағытын жариялаған hurriyet.com.tr сайты шоколадтың құрамындағы теобромин атты химиялық заттың денсаулыққа пайдалы екенін жазды. Бұл зерттеулердің нәтижелерін Aikyn.kz осы материалдың негізінде түсіндіреді.

Шоколад көңіл-күйді көтереді, жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алады және «жаман» холестеринді азайтады. Фото gastronom.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Shuttestock

Қажетті мөлшерде тұтынғанда шоколадтың физикалық және психикалық денсаулыққа пайдалы екені бұрыннан белгілі болып келді.

Шоколад – барлық жастағы адамдардың ұнататын сүйікті өнімі. Ол көңіл-күйді көтереді, жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға және «жаман» холестеринді азайтуға көмектеседі.

Қытайдан жүргізілген жаңа зерттеу шоколадтың бұрын белгісіз болып келген пайдалы жағын ашты. Ғалымдар шоколадтың салмақ жоғалтуға көмектесетінін және Альцгеймер ауруының алдын алатынын да дәлелдеген.

Қара шоколад антиоксиданттардың нағыз қоймасы, ол жүректің жұмысын жақсартады. Фото tea.ru сайтынан алынды

Қара шоколад антиоксиданттардың нағыз қоймасы ретінде жүректің жұмысын жақсартатынын көрсететін көптеген зерттеулер бар. Қытайда Чжэнчжоу университетінде жүргізілген және Functional Foods журналында жарияланған осы какао өнімі туралы жаңа зерттеу нәтижелері жарияланды.

Ғалымдар шоколадтың құрамындағы теобромин деп аталатын химиялық заттың ағза мен миға пайдасы көп екенін көрсеткені.

Теобромин – какао бұршақтарында және шоколад сияқты құрамында какао бар өнімдерде кездесетін табиғи химиялық қосылыс. Бұл қосылысты өсімдіктер өндіреді және какао ағашының бұршақтарында жоғары концентрацияда кездеседі. Теобромин адамға ынталандырушы әсер етеді. Қоспаның ең маңызды ерекшелігі шоколадтың дәмі мен құрылымын құрайды.

Ғалымдар теоброминнің есте сақтау және когнитивті функцияға күшті әсер ететінін дәлелдеген. Фото tea.ru сайтынан алынды

Зерттеу жүргізген ғалымдар теоброминнің есте сақтау және когнитивті функцияға күшті әсер ететінін айтады. Сарапшылардың айтуынша, теобромин қан мен мидың жұмысына әсер етуі мүмкін, ми жұмысын, көңіл-күйді жақсартады және депрессиямен күреседі.

Зерттеу авторлары: «Теобромин нейропротекторлық қасиеттерді көрсетті, нейрондық зақымдануды болдырмайды, когнитивтік реттеу функцияларын жақсартады. Тиісті дозада теобромин және оның туындылары мимен байланысты аурулардың алдын алудың тиімді құралы бола алады. Бұл бізге миды Альцгеймер ауруынан қорғауға болатынын көрсетеді», – дейді.

Теобромин бүйректі қорғайды және бүйрек тастарының пайда болуына жол бермейді. Фото tea.ru сайтынан алынды

Шоколад сонымен қатар салмақ жоғалтуға көмектеседі! Шоколадты жеу, қаншалықты қисынсыз естілсе де, салмақ жоғалтуға көмектеседі. Өйткені теобромин ағзадағы майлардың ыдырауын тездетеді. Ғалымдар шоколадтың өзі калорияға бай болғанымен, май синтезіне емес, салмақ жоғалтуға ықпал ететін белсенді заттары басым деп санайды. Әсіресе, қалыпты мөлшерде тұтынылатын қара шоколад салмақ жоғалту процесінде тиімді болуы мүмкін.

Қара шоколадта қанықпаған май қышқылдары бар, олар метаболизмді және калорияларды жағуды тездетеді. Сонымен қатар тамақтан 20 минут бұрын қара шоколад жеу тәбетті төмендетеді.

Қытайлық ғалымдар бұрын да бауырдың алкогольсіз май ауруы мен семіздік арасындағы байланысын анықтаған еді. Сол зерттеуде де теобромин бауырдың морфологиясын жақсартуға себепші болатынын көрсеткен. Жаңа зерттеу бұл тұжырымды тағы да растады.

Ғалымдар теоброминнің бүйректі қорғайтынын және бүйрек тастарының пайда болуына жол бермейтінін баса айтуда. Шоколадты жеу тіпті қабынуға қарсы қасиеттеріне байланысты иммундық жүйені нығайтуға да көмектеседі.

Ғылыми жолмен дәлелденген шоколадтың пайдасына біз де сенеміз. Дегенмен әрбір адам өзінің ағзасының ерекшеліктеріне байланысты шоколадты тұтыну мөлшерін, тұтыну уақыты мен түрлерін тек дәрігердің кеңесімен ғана анықтап алуы тиіс екеніне назар аударамыз.