Атырау облысындағы ТЖ жөніндегі жедел штаб қала аумағындағы Жайық жағалауын бекіту жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, қазір бөгеттердің осал тұстары мен қауіпті деген аймақтарды назарға алып, жағалаулар нығайтылуда.
– Жұмыс барысы толық бақылауымызда. Бөгет бекіту жұмыстары кезінде бір күнде 9 мың қала тұрғыны еріктілер қатарына қосылды. Мен осы жұмыстарға атсалысқан қала тұрғындары мен еріктілерге, әскерилерге, мемлекеттік қызметкерлерге алғысымды айтамын, - деді қала басшысы.
Жағалауды бекіту жұмыстарын тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген.
Бүгінде жоспар бойынша соғылуы тиіс 250,8 шақырым бөгеттің 229,6 шақырымы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына 822 арнайы техника жұмылдырылып отыр.