Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Марапатқа ие болды»: әнші Ділназ Ахмадиева қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva
747
оқылды

Әнші Ділназ Ахмадиеваның әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі әкесі Президент қолынан марапат алғанын жеткізді.

«Бүгін менің әкем Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жаңа марапат алды! Әкемнің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» ордені берілді. Кәнеки, әкетайыма құтты болсын айтайықшы, ол өте бақытты болар еді», -  деп жазды әнші.