Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
"Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, тұман, көктайғақ) "Өскемен-Майқапшағай" (915-1087 км, Қалбатау-Боғас а. бұрылысы), "Өскемен-Тарғын-Самар" (88-145 км, Тайынты-Самар а.), "Аягөз-Қарауыл-"Семей-Қайнар" (0-100 км) а/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.); "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары" (7-166 км, Ушановское ауылы-Алтай қаласы) а/ж бір учаскесінде жүк және жолаушылар көлігі үшін қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпараты бойынша, Қостанай облысында "Қостанай-Введенка" (45-97 км, Александровка-Введенка ауылы), "Қарасу-Большая Чураковка" (0-114) екі учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
"Солтүстік Қазақстан облысында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды, оның ішінде: "Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" (0-228 км, Булаево-Рощинское), "Рощинское-Корнеевка - Волошинка" (0-86 км, Рощинское-Волошинка), "Волошинка - Сергеевка-Тимирязев" (0-119 км, Волошинка-Тимирязев), "Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы" (0-119 км, Волошинка-Тимирязев)," Тимирязев-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы "(0-119 км, " (0-32 км, Тимирязев - Сарыкөл-Қостанай обл.шекарасы)", - деп жазылған хабарламада.
Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Ленинский-Ертіс-Русская Поляна» ( 0-278 км, Ленинский ауылы-Ресей Федерациясының шекарасы) учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.