Академик аманатын арқалаған

Биыл – ғұмырын ғылымға арнаған әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, қазақ археологиясының атасы атанған Әлкей Марғұланның 120 жылдық мерейтойы.

Ғалымның басшылығымен бүкіл Еуразия аумағына тараған қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Беғазы-Дәндібай мәдени ескерткіштеріне 1947-1952 жылдар аралығында қазба жұмыстары жүргізілген еді. Алайда содан кейін жарты ғасыр бойы әлемдік маңызға ие мәдени мұра қараусыз қалып қойған-ды. Дегенмен соңғы жылдары ғалымның шәкірттері бұл бағыттағы жұмысты қайта бастады.

Қазір осы қазба жұмыс­та­ры­ның басы-қасында Әлкей Мар­ғұ­ланның соңғы аспиранты, Қа­­­­­рағанды мемлекеттік уни­вер­ситетінің профессоры, археолог Сағындық Жауымбаев жүр. Ұс­та­зының ісін жалғастырған ға­лым Әлкей Марғұланның соңғы аспиранты болғанын әлі күнге мақтанышпен айтады. 

«1974 жылы сол кездегі С.Ки­ров атындағы Қазақ мем­ле­кет­тік университетінің Тарих фа­культетін бітірдім. Сол жылы Қа­рағанды университетіне кел­дім. Биыл осында Қазақстан та­­рихы кафедрасында жұмыс іс­теп жатқаныма 50 жыл болады. Сту­дент кезімізде археолог Аб­дул­манап Оразбаев ұстазымыз бол­ды. Осы Абдулманап Ораз­баев Әлкей Марғұланның шә­кірт­терінің бірі екен. Ең бірінші шә­кірті – Кемел Ақышев. Ал мен академиктің соңғы аспи­ран­ты болдым», – дейді профес­сор Сағындық Жауымбаев. 

Профессордың айтуын­ша, Абдулманап Ораз­баев археология мамандығында оқы­­ғысы келетін жастардың ті­зі­­мін жасапты. Сөйтіп, 75 сту­дент­­тің ішінен 9-ын таңдап ала­­­ды. Оның ішінде Сағындық Жауым­баев пен Кемел Ақышев­тың ұлы Әлішер де бар еді. 

«Осы тоғызымыз археология ма­мандығын оқып шықтық. Бір­ақ археологияға барған жас­тар аз болды. Бізге Әлкей Мар­ғұ­лан келіп арнайы курс оқитын. Ағамыз «Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштері» деген тақырыпта дәріс берді», – дейді кейіпкеріміз. 

Университет бітірген жас­тар жан-жаққа тарап кетеді. Са­­ғындық Ұбайұлы да Қара­ған­ды­ға оралды.

«1974 жылы осында келіп оқы­­тушы болып орналастым, 1975 жылы студенттерді алып қаз­­ба жұмыстарына шықтым. Сол­­түстік Қазақстанда Сер­геев­ка деген аудан бар. Кейін Шал ау­­даны болып өзгерді. Сол жер­де қазба жұмыстары жүріп жат­қанда, шілде айында Қарағанды уни­верситетінің ректоры Ебіней Арыстанұлы Бөкетов келді. 

Сәлем берсем, «Ей, батыр не іс­­­­­теп жатырсың?» – дейді.

«Аға, осында қола дәуірінің ес­­керткіштерін қазып жатыр­мыз», – дедім. 

«Ә-ә, жарайды, онда сен мы­нау қазақтың бейіттерін көріп тұр­сың ба?» – деді. 

«Көріп тұрмын!».

«Осының ішінде әкем мен ше­шем жатыр. Жылына бір рет ке­ліп кететінім бар. Биыл сендер осы жерде екенсіңдер, сендердің ла­герьлеріңде болайын», – деді. 

Содан лагерьде қонды. Мал сойып қойғанбыз. Қо­­нақ болды. Палаткада қонған  ғалым ағамыз: «Ой, Са­ғын­­дық, әкем мен шешемнің ба­­сына бірінші түнеуім», – деп ал­­ды да: «Егер аспирантураға бір жақ­­қа баратын болсаң, маған ай­тарсың», – деді. 

Бір жылдан кейін Ғылым ака­демиясына аспирантураға орын келді. Ебіней Арыстанұлы­на кіріп, «Бізге орын бөлініпті. Мен баратын болдым», – деп едім, «Жарайды, олай болса екі-үш күннен кейін келсейші», – де­ді.

Кетер кезде бардым. Қолыма екі конверт ұстатты. 

«Біреуін Әлкей Марғұланға тап­сырарсың», – деді. 

Алматыға барып аспиран­тура­ға түстім. Орналасып алған­нан кейін Әлекеңді іздеп тауып, сәлемдемені бердім. Конвертті ашып қарады да «Жауымбаев Са­ғындық деген сенбісің?» – де­ді. 

«Иә, мен боламын, аға».

«Ебеке, сені «аспирант қы­лып ал» депті ғой. Мен биыл ас­пирант алмаймын деп ойлап едім. Кітаптарым да бар жазыл­ма­ған, соларды қолға алуым ке­рек. Аспиранттармен жұмыс іс­тейтін уақытым жоқ менің. Бір­ақ Ебекең айтқаннан кейін амал жоқ алайын», – деді. Бұл 1976 жыл болатын», – дейді Са­ғын­дық Ұбайұлы.

Содан жас Сағындық үш жыл Әлкей Марғұланның аспи­ран­ты болады. Бір жылы бірге археоло­гия­лық экспедицияға да шығады.

«Ол кісі Атасу қонысында қаз­ба жұмыстарын жүргізіп жа­тыр екен. Сол қоныста шәкірті Мир Қасымұлы Қадырбаевпен бір­ге жұмыс істедім», – дейді Са­­­­ғындық Ұбайұлы. 

Содан Сағындық Жауымбаев Қа­дырбаев экспедициясымен бір­­ге 10 жылдай қазба жұ­мыс­та­ры­­на қатысады.

«Үш жыл аспирант болдым», – дедім ғой, сол кезде ол кі­сі кей­де үйіне шақырады. «Са­ғын­дық, келіп кет, маған», – деп.

Кешке қарай барамын. Сағат 4-5-те Тереңкөл көлінің бойын­да қыдырады. 

Маған ақылын айтады. «Сен Пе­тер Фалькті, Георг Ниманды, ал­­ғашқы Ресей академиктерін оқы, шырақ», – деп көп кітап­ты тізіп айтатын. 

Соларды оқыдым, білімге қа­­­­­­­нықтым.

Көшеде жүргенде көптеген ға­­­лымдар, тарихшылар, жазу­шы­­лар Әлкей ағамызға келіп сұрақ қойып жататын, ол кісі де асықпай түсіндіріп, ақыл айтып, жөн сілтейтін.

«Мынау – Ахмед Сафи деген ака­демик, жас жазушы Ақселеу Сей­дімбек деген жігіт» деп та­ныс­тырып жататын», – дейді кейіп­керіміз.

1978 жылы Қазақстан Ғы­лым академиясының Тарих, ар­хеология және этнология инс­титутының директоры Ақай Нү­сіпбеков Сағындық Ұбай-

ұ­лын шақырып алып, «Сен Әл­кей Марғұланның аспиранты­сың ба?» деп сұрайды. «Иә». «Он­да дайындал, ол кісі Но­во­сібірге іссапармен барады. Еріп жүресің», – дейді. 

«Наурыз айында жол жүрдік. Ұшақ­пен ұштық. Алғаш рет Әле­­­кеңнің құжатын берді. Билет алуға. Құжаттан көрдім. 1904 жы­лы 11 мамырда туған екен. 

КСРО-ның ғылым акаде­мия­­сының Новосібірдегі фи­лиа­­лына бардық.

Академик Алексей Окла­д­ни­ков қарсы алды. Ғылым ака­де­миясының арнайы қалашы­ғын­дағы қонақүйге жатқызды. Екі бөл­мелі, бір бөлмесіне мен, Әл­кей аға екіншісіне орналасты. Кетерінде қызы Дәнел апамыз: «Са­ғындық, бұл кісіге тек сүт өнім­дерін ғана алып бересің» деп тапсырған болатын. Орын­дау­ға тырыстым», – дейді әңгі­ме­сін жалғастырған Сағындық аға­мыз. 

Академик пен аспирант бір же­ті сол жерде бірге болады. Екін­ші күні докторлық дис­сер­та­ция қорғау басталады. 

«Әлкей аға бірінші оппонент бол­ды. Қорғаудың алдында бү­кіл Сібірдің ғалымдарына Ок­л­а­д­ников: «Это мой давнейший друг. Академик академий наук Ка­захской ССР, лауреат Ле­нинс­кой премии, лауреат пр­е­мий Шохана Валиханова» деп Әлкей Марғұланды таныс­тыр­ды», – дейді Сағындық ағамыз. 

Сол жерде Алексей Оклад­ни­ков Әлкей Марғұланнан он-он бес минут лекция оқуды сұ­рай­ды.

«Мінберге шығып, қоңыр дауы­сымен Енисейдің бойын­да­ғы түріктер туралы лекция оқы­ды. Сақтардан алып келді. Қан­дай ескерткіштер барын айтып өтті.

Сол уақытта байқадым, Әлекеңнің білімдар­лы­ғын. Он бес минут емес бір сағат сөй­леді. Ешкім қарсы болмады. Ұйып тыңдады», – деді акаде­мик­тің соңғы аспиранты.

Әлкейдің соңғы шәкірті Са­ғындық ағамыз болса, бұл кі­сі­нің бір шәкірті Қарқаралыдан Алтын адамды тапқан археолог – Арман Бейсенов.

Сағындық Жауымбаев – біз­дің жыл санауымызға дейін бас­талатын қазақ тарихындағы қо­ла дәуірінің мәдениетін үш жүз жылға әр қарай тереңдеткен ғалым. Оның ашқан жаңалығын ес­тіген жапондық белгілі ар­хе-о­лог, профессор Мураками Са­ғын­дық Ұбайұлын сонау Жа­по­ниядан арнайы іздеп келеді. Қар­қаралыдағы Кент тауында орналасқан Алат қорымынан Са­ғындық Жауымбаев тапқан те­мір балқытатын металлур­гия­лық пешті көрген ол таң-тамаша бо­лыпты. Ерте қола дәуірінің мә­дениетіне тән әлгі пеш қазақ же­рінде өмір сүрген ежелгі тай­па­­л­ардың туындысы болса ке­рек. 

Сағындық ағамыз осы жаңа­­лығы арқылы та­рих­­та қазақ даласында қоры­тыл­ған қола – әлемде алғаш ба­л­қы­тыл­ған ме­тал­дың біріне ж­а­­­­татындығын дәлелдеп шық­қан. 

«Неміс және жапон ғалым­дары Мәскеу арқылы мені тауып алып, арнайы іздеп келді. Гер­ма­ния­ның Бохум қаласында біз тап­қан жәдігерлер қойылған үл­кен көрме ұйымдастырды. Ол жерге 300-ге тарта экспонаттар алып бардық. Металлургиямен ұзақ жыл айналысқан Жапония­ның атақты ғалымы Мура­ка­ми­мен 5 жылға келісімшарт жа­са­дық. Біздің зерттеп жатқанымыз – Кент тауы ішіндегі Алат қо­нысы. Ол – біздің заманымызға дейінгі ХІІ-VІІІ ғасырларды қам­титын ежелгі қоныс. Онда 500-600 жылдай адам баласы өмір сүрген. Қоныс 2 мәдени қа­­­баттан тұрады. Төменгі мә­дени қабатынан қоланы қорыт­қан пештердің орны мен тастан жасалған 5-6 пеш табылды», – дейді Сағындық Жауымбаев. Осы­лайша, атақты академиктің соң­ғы аспиранты ұстазының бас­таған ісін жалғастырып ке­ле­ді. Ол ұстазы Әлкей Марғұлан­ның еңбектері әлі күнге дейін ға­лымдар мен студенттерге азық екенін айтады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы