«Сыншылар таңдауы»: Бәйгеде кімдер топ жарды?

Таяуда Алматы қаласында Қазақстан киносыншылар қауымдастығы отандық «Сыншылар таңдауы-2024» киносыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Киноиндустрия саласындағы үздіктерді анықтайтын жүлде биыл сегізінші мәрте табысталып отыр.

Киносыйлықтың биылғы ерек­­шелігі – жүлде та­ри­хын­да ал­­ғаш рет көпшілік дауыс беру нә­­­­тижесі бойынша арнайы «Кө­­рер­­мен таңдауы» деп аталатын жаңа но­ми­на­циясы табысталды. Сонымен, «Үз­дік драма» аталымы бойын­ша сын­ға түскен үміткер­лер­дің ара­сын­да продюсер Ардақ Әмір­құ­лов­тың «Жел тоқтаған жер» фи­ль­мі үздік деп танылды. Онымен қо­са, аталған фильм кеш­те бір емес, үш бірдей жүлдені қан­­жы­ға­сына байлап қайтты. Фи­льм­нің қою­шы-суретшісі Өмірзақ Шма­нов «Үздік қоюшы-суретші» но­ми­нациясы бойынша топ жарса, фи­льмдегі кейіпкер Жанар Шоқ­па­нова «Үздік әйел бейнесі» ата­­лы­мы бойынша жеңімпаз атан­ды. Мұн­дай сәттілікке «Жел тоқ­таған жер» фильмінен бөлек та­ғы екі фи­льм қол жеткізді. «Шәй­нек са­тып алған ару» («Она ку­пила чай­ник») фильмінің ре­жис­сері На­ри­ман Төребаев «Үздік ре­жиссер» ата­лымы бойынша үз­дік деп ба­ға­лан­са, «Үздік мон­таж» номина­ция­­­­­сының жүлдесі де «Шәйнек са­­тып алған аруға» бұйырды. Сон­­­дай-ақ киносын­шы­лар қауым­­­дастығы «Үздік му­зы­ка» ата­лымымен Ғалымжан Се­кеевті жеңім­паз деп ұйғарды. Екі бірдей жүл­дені қоржынына салған кезек­ті отандық фильм – «Кішкентай самурай» (Маленький самурай»). Атап айтсақ, «Екінші план­дағы үздік әйел бейнесі» но­минациясы бойынша белгілі акт­риса, «Канн» фес­тивалі сый­лы­ғы­ның иегері Самал Еслямова жүлде ие­гері атан­са, «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» аталымында Ақтан Арым Құбаттың рөлі жо­ғары бағаланды. 

2022 жылы ұлттық арна эфи­рін­­де телехикая ретінде ұсыныл­ған «Міржақып. Оян, қазақ!» фи­­ль­мі былтыр күзде кинотеатр­лар­­ға жол тартқан еді. Аз уа­қыт­тың ішінде көптің көңілінен шы­­­­ғып, жоғары кассаға ие болған фильм «Сыншылар таңдауында» да үз­дік­тер қатарынан көрінді. Фи­льм­нің басты кейіпкері Міржақыптың рөлін сомдаушы, бағы мен бабы қа­тар шапқан актер Бақыт Қажы­баев «Үздік ер адам бейнесі» ата­лы­мы бойынша тұғырдан көрінсе, ха­лықтың дауыс беруінің нә­ти­же­сінде үміткерлер арасынан суы­ры­лып шыққан фильм «Көрермен таң­дауы» жүлдесінің иегері деп та­нылды. Одан өзге, үздіктер қа­та­рына ілінген фильмдер арасын­да «Өлсең де есіңе түсір» (Умри или вспомни») (Үздік жанрлық фи­льм), «Бауырына салу» филь­мі­нің актері Асхат Кучинчиреков (Үздік дебют), «Айқай» фильмінің сце­­нарийсі Кенжебек Шайқақов (Үз­дік сценарий), «Мадина» фи­ль­­мінің операторы Айгүл Нұр­бо­ла­­това (Үздік оператор), «Дәстүр» фи­льмінің саундтрегі Аль Nasr feat. RaiM-ның орын­дауын­­дағы «Да­ла ерлері» әні (Үз­дік ән) бар.

МҰНДАЙ ЖОБА АВТОРЛАР ҮШІН ҚАЖЕТ

Кеш соңына жеткеннен кейін номинанттар мен фи­льмге бағасын берген әділ­қа­зы­лар алқасын әңгімемізге тарт­тық. Үлкен экранда жарық көрген туын­­дысы қос бірдей жүлдені ие­­ленген «Міржақып. Оян, қа­зақ!» фильмінің режиссері Мұрат Ес­жан «Сыншылар таңдауы» ки­но­сыйлығы киноиндустрия са­ла­сындағы мамандар үшін ғана емес, көзі қарақты көрермен үшін де аса маңызды жоба екенін атап өтті. 

– Ең біріншіден, мұндай жоба ав­торлар үшін қажет. Олар өзінің жасаған туындысының қандай да бір топқа түскенін қалайды. Жа­рық көрген фильмдердің ара­сын­да кө­рерменге жететіні, кейде жет­­­­пей­тіні бар. Жүлдеге іліну, жеңу­ге деген ұмтылыс – адамның та­би­ға­тында бар стимул. Екіншіден, осын­дай іс-шаралар көрермен үшін маңызды. Кейде оларға жақ­сы, сапалы туындыларды таңдап беру қажет болады. Өзіне не қажет екенін білмей жүрген көрермен үздік шыққан фильмдерді тама­ша­лайды, олардың не үшін жо­ғары бағаланғанына ой жүгіртеді. Әрине, әр номинация бойынша үздік деп танылғандар сол жүлдеге лайықты. Өйткені номинант­тар­дың жұмысына баға берген ки­но­сыншылар өз саласын жақсы бі­леді. Сондықтан бұл ретте жүл­­дегерлерге күмән келтіруге ешқандай хақымыз жоқ деп ойлаймын, – деді ре­жис­сер М. Есжан. Сондай-ақ режис­сер алдағы уақытта балаларға ар­нал­ған туындыларды жарыққа шы­ғару жоспарда бар екенін жет­­­­кізді. 

ДЕБЮТАНТТАР ҮШІН ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

Кеште «Екінші пландағы үз­дік ер адам бейнесі» ата­­­­лымы бойынша «Бүркіт» фи­ль­­­міндегі рөлі үшін сынға түскен үміт­керлердің бірі тыңдарманның сүйік­тісіне айналған – Ғалымжан Мол­даназар. Ол әңгіме барысында ки­ноиндустрия саласындағы үздік туын­дылар мен авторлардың есі­мін анықтайтын жоба, әсіресе де­бютанттар үшін үлкен мүм­кін­дік екенін негізге алды. Дегенмен ән­шінің өзіндік бағамдауы бойын­ша жүлде нәтижесіне келіс­пей­тін тұс­тары да жоқ емес.

– Жүлдеге ұсынылған фи­льм­дер жайлы шешім шығарып, жеке пі­кірімді айту үшін алдымен бар­лық туындыны қарау керек. Сон­дық­тан фильмдер жайлы ешнәрсе ай­та алмаймын. Бірақ саундтрек жа­нры бойынша нәтижеге көңі­лім толмайды. Менің ойымша, Әсел­дің музыкасы үздік болды. Десек те, осындай іс-шаралардың қоғам үшін, мамандар үшін маңызы өте зор. Өйткені бұл кино әлеміндегі кә­­сіби мамандардың басын қоса­тын алаң. Жеңімпаздар Қазақ­фи­льм­­нің атынан қолдау жеңіп ал­ды. Осындай қолдау мен тағайын­дал­­ған жүлделер өнер иелерінің жаңа туындыларды жарыққа шы­ғаруы­на құлшыныс береді. Әсіресе, де­бю­­танттар үшін жақсы мүмкін­дік дер едім, – деді әнші Ғ.Молда­на­зар.

ТАҚЫРЫПТЫҢ  КӨРЕРМЕНГЕ ҚАЛАЙ ЖЕТКІЗІЛГЕНІ МАҢЫЗДЫ

Ал жүлдеге ұсынылған фильм­дер­ге қазылық еткендердің бірі ки­носыншылар қауымдас­ты­ғы­ның мүшесі, кинотанушы – Дана Әмір­­бекова. Ол негізгі ереже бойын­­ша жобаның кинотеатр­лар­да көрсетілетін фильмдермен шек­телмейтінін, онымен қоса про­катқа шықпаған фильмдерге де мән беретінін айтты. Кино­сын­шы­ның сөзінше, прокатқа шық­паған фильмдер негізінен сапалы туынды болып келеді. Дегенмен про­дюсерлік немесе дист­ри­бью­ция тұрғысынан мүмкіндік болма­ғандықтан, үлкен экранға жетпей, ха­лықтың назарына ұсынылмай жа­тады. Сондықтан жүлдеге ұсы­ныл­ған кейбір фильмдер жайлы кө­рерменнің мағлұматы аз болуы мүм­кін. «Мұндай фильмдер нағыз кә­сіби мамандардың туындысы бол­ғандықтан, олардың арасында ре­жиссерлік әрі стиль тұрғысынан өте терең тақырыпты қозғайтын туын­дылар кездеседі», – дейді ол. Дана Әмірбекова үміткерлерге жә­не ұсынылған фильмге қойы­ла­тын басты талаптарды тізіп өтті. 

– Біз көбіне жанрлық туын­ды­ларды кинотеатрдан тамаша­лаймыз. Алайда олар көп жағдайда бір жанрда түсірілген, қозғайтын та­қырыптары да шектеулі. Ал ав­торлық кино туралы айтар болсақ, олар әртүрлі тақырыпты қаузайды. Халықтың жанайқайын, қоғам­дағы түйткілді мәселелерді жа­ра­ны тырнағандай етіп ашып көр­се­теді. Осы ретте біз режиссерлердің та­қырыбымен ғана шектеліп қал­­­­маймыз. Кинода тақырыптың не жайында емес, оның көрер­мен­ге қалай жеткізілгені маңыз­ды. Біз киноның тіліне, режис­сер­дің түсіру мәнерінің қа­лып­­тасуына, маманның тақырыпқа үңілген кезде экранға басқалардан ерекше не ұсына алатынына баса мән бе­ре­міз. Кеште «Үздік режиссер» но­минациясының жеңімпазы атан­ған Нариман Төребаев – осы уа­қытқа дейін өзіндік қолтаңбасы қа­лыптасқан, түсіру мәнері еш­кім­ге ұқсамайтын маман, – деді ки­носыншы.

КИ­НОИН­ДУСТРИЯНЫҢ КЕМШІН ТҰСТАРЫ

Тағы бір маңызды атап өтер­лік жайт, жыл сайынғы дәс­түрге айналған киносыйлық ұйым­дастырушылардың, нақ­ты­рақ айтсақ, Қазақстан ки­но­сын­шы­лар қауымдастығы мүше­ле­рі­нің өз күшімен өткізіледі. Осы тұс­та киносыншы отандық ки­ноин­дустрияны дамытудағы кемшін тұстарымызды да түйреп өтті. Киносыншының айтуынша, са­пасыз фильмдердің жарыққа шығуы – теорияның аздығынан, мем­лекет тарапынан толыққанды қол­даудың болмауынан.

– Біздің жүлдеміз мемлекетке тие­сілі емес. Бір жағынан ол, әри­не, өкінішті. Биыл елімізде 80-ге жуық фильм жарыққа шықты. Бір­ақ бірде-бір толықметрлі көр­кем­суретті фильмдерге арналған кинофестиваліміз жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Евразия», «Шәкен жұлдыздары» сынды бай­қау­лар өткізілгенімен, қазір олар тоқ­тап қалды. Шыны керек, мем­ле­кет тарапынан кино саласына көңіл бөлу жоқтың қасы. Еуропа тәжірибесіне үңіліп қарасақ, олар­да әртүрлі бағыттағы фильм­дер­ге арналған жеке фестивальдар бар. Сондай-ақ Еуропа елдерінде жы­лына әр режиссердің шығар­ма­­шылығын зерттейтін кітап­тар­ды басып шығарады. Онымен қо­са, киноға арналған ғылыми жур­налдары тағы бар. Сондықтан Еу­ропа елдерінің киноиндустрия са­ласы қазір даму үстінде келе жа­­тыр деуге негіз бар. Ал бізде не­­ге саны бар, сапасы жоқ фильм­дер бар? Себебі бұл теорияның аз­дығынан, қолдаудың жоғынан. Меніңше, жүлденің мемлекетке тие­сілі болмауы бір жағынан дұ­рыс сияқты. Себебі біз тәуелсізбіз, ешкімге бағынбаймыз, ешкімнің айтқанын тыңдауға міндетті емес­піз. Біз өнер иелеріне әрқа­шан әділ баға бере аламыз деп есеп­тей­мін, – деп сөзін түйіндеді кино­сын­шы Д.Әмірбекова.

Естеріңізге салайық, Қазақ­стан киносыншылар қауым­­­­дастығы өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келеді. Алайда «Сыншылар таңдауы» әлемдегі пан­демиялық ахуалға байланысты үзіліс алған еді. Биыл  қауымдас­тық жаңа мүшелермен толықты. Қа­зір оған 26 кәсіби маман мү­ше­лік етеді. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы