Отандық жобадан Ұлан Қонысбаев екеуі шығып қалғанын жеткізді.
«Екеумізді бірге көрмейсіздер»: әнші Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаевқа алғыс айтты
Фото: instagram.com/bidash_official
1,466
оқылды

Әнші Балжан Бидаш енді футболшы Ұлан Қонысбаевпен бірге сахнада өнер көрсетпейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  

Әнші Instagram парақшасында жазба жариялап, отандық жобадан  Ұлан Қонысбаев екеуі шығып қалғанын жеткізді.

«Ұлан мен Балжанның сахнадағы жұп болуы осымен аяқталды. Бұл – шоу! Жоба мақсаты екеуін әдемі жұп ретінде көрсеткісі келді. Жүзеге асқандай болды. Өйткені бұл жұптың көрермені көп болды. Достар, біз финалға дейін барамыз деп ойладық. Бұйырмады, барынша тырыстық. Бірақ сіздердің қолдауларыңыз қатты болды, шулаттыңыздар, рақмет. Ұлан жарайсың, жасыл алаңнан сахнаға жарқ етіп кіре салдың, бұл да ерлік! Алдағы жетістіктерің көп болсын», -  деп жазды әнші.