Композитор ауылдан қалаға кеткенде иті ғана шығарып салғанын, сондықтан жолға ескерткіш қойғысы келетінін айтты.
«Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты
Фото: видеодан кадр
4,105
оқылды

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Алғашқы» бағдарламасында денсаулығы сыр беріп, ота жасалған сәт туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сазгер ауруханада жатқанда итін қатты уайымдағанын айтады. Өйткені оған ескерткіш қоюды жоспарлап жүрген екен. 

«Ауруханада дәрігер келіп «Үш күннен кейін жасаймыз, екі күн қалды» деп айтып тұрады. Ол маған «Ажалыңа екі күн қалды» дегендей естіледі. Бір палатада жалғыз өзім жаттым. Тірі қалуым бірінші Құдайдың, екінші осы дәрігерлердің арқасы ғой. Ота алдында бір-ақ нәрсе ойладым. Ол менің Құтжол деген итім бар еді. «Егер олай-бұлай боп кетсе, Құтжолға кім ескерткіш қояды?» деп уайымдадым. Сосын балаларыма хат жаздым. «Мен кетіп жатсам, жұрттың қарсылығын қарамай, ауылда Құтжолға ескерткіш қойыңдар» деп. Өйткені мені арманымның құтты жолына шығарып салған. Оған уәде бергенмін. Балаларымның болашағын ойламадым. Олар ер жетіп қалды, оң-солын біледі. Бәлкім менің кетіп қалғаным оларға кішкене еркіндік сыйлайтын шығар. Себебі қатал әке болдым. Қызымды ойладым. Қазір қызыма «Сен үшін тірі қалдым» деп айтып отырамын», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Композитор ауылдан қалаға кеткенде иті ғана шығарып салғанын, сондықтан сол жүрген жерге ескерткіш қойғысы келетінін айтты.