Атырау облысының Құлсары қаласында жамбылдық құтқарушылар су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кейінгі 13 күнде Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.
Еске сала кетейік, өңірде су тасқыны кезеңінен бастап ТЖМ құтқарушылары 1922 жеке тұрғын үйлерден су сору жұмыстарын жүргізді.