Алматы облысында 12 құрылысшы бес ай бойы адал еңбекпен тапқан жалақысын ала алмай келген. Жұмысшылар Талғар ауданы Нұра ауылында мектеп салу жұмысымен айналысады. Олар жалақысының кешіккеніне қарамастан, ешбір үзіліссіз жұмыс кестесіне сай еңбек еткен. Алайда басшыларымен болған келіссөз ешқандай нәтиже бермегеннен кейін құрылысшылар «AMANAT»-тан көмек сұрады.
«Партиядан көмек сұрамас бұрын, бұл адамдар бірнеше рет өз басшылығымен тікелей сөйлесуге тырысқан. Алайда олар уақытты созып, жұмысшылармен кездесуден қашқан. Осылайша бас-аяғы 12 адам бізден көмек сұрады. Біз құрылыс алаңын қарап шықтық, компания директорына хабарластық, содан кейін жалақы бойынша барлық қарыздар өтелді. Нәтижесінде жұмысшыларға берілген еңбекақының жалпы сомасы 25 млн теңгені құрады», – деді «AMANAT» Алматы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Тимур Нүкебаев.
Айта кету керек, қазіргі уақытта мектеп құрылысы жалғасуда, құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кірісті. Ғимараттың дайындығы 65% құрайды. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепте 1 мыңнан астам бала оқи алады.
Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызбен «AMANAT» республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыстар арқылы хабарласа аласыз:
1. Call-орталығы: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. WhatsApp: 8 700 800 4441
3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz