Әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның Вьетнамдағы отбасылық демалысы қызу талқыға түсті.
«Бұларға жасыл түс жанып тұрады»: шетелде демалып жүрген Қыдырәлі мен Қарақат тағы да сынға қалды
Фото: instagram.com/karakat_a
11,763
оқылды

Әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның Вьетнамдағы отбасылық демалысы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының бір тобы елімізде су тасқыны болып жатқанда әрі оқу жылы аяқталмай жатып саяхаттап жүрген өнерлі жұпқа реніш білдіріп, түрлі пікір қалдырған. Ал енді бірі өз тапқан табысына демалғанның еш айыбы жоқ екенін айтады.

Ал саяхаты туралы бөліскен әнші Қарақат Әбілдина бұл алдын ала жоспарланған демалыс екенін жеткізіп, ақталғандай болды.

«Сүйікті елімізге, гүлденген Вьетнам жерінен жалынды сәлем! Алладан амандықтарыңызды тілейміз! Алдын ала жоспарланып қойған демалыс еді ғой бүл. Елдегі жағдайдан кейін, Қыдекең «ешқайда бармаймыз» деп шықты. Демалысқа төленген ақша толығымен күйіп кететін болды. Балалардың көңілі түсіп, қойшы, әйтеуір не ойларымызды білмей дал болдық. Сөйтіп, ел болып, жұрт болып әкелерінің күнде құлағын жеп, әйтеуір әрең дегенде көндірдік қой. Сондықтан бұл нағыз «еңбек сіңірген» демалыс болды. Елдегі жағдайға қатты алаңдадық, рас. Шүкір, бәрі жақсы болсыншы», – деп жазды әнші.