«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы эконо­мика, кәсіпкерлік және аг­рар­лық сектор мәселелері бойынша өңірлік кеңестің отырысында ішкі туризмді дамыту мәселесі көтерілді.
Кент орталығы абаттандырылуда
1,152
оқылды

Жиында партияның респуб­ликалық сайлауалды бағдар­ламасын орындау жөніндегі Жол картасының 209-тармағы және партияның облыстық филиа­лының сайлауалды бағдарла­масын жүзеге асыруға арналған Жол картасы аясында ішкі ту­ризмді дамыту бойынша атқа­рылып жатқан жұмыстар бо­йын­ша тиісті басқарма басшысының есебі тыңдалды. 

«2023 жылы «Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абат­тандыру» жобасын іске асыру басталды. Бүгінде жұмыс қар­қын­ды жүргізілуде. Ұлттық ста­тистика бюросы депар­таментінің ақпаратына сәйкес, ішкі турис­тер саны 2023 жылдың қоры­тындысы бойынша, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7% өсіммен 351,7 мың адамды құ­ра­ды. ШҚО бойынша «AMANAT» партиясының сай­лауалды бағ­дар­ламасын орындау бойынша Жол картасының жоспары 109,2%-ға орындалды» – дейді Шығыс Қазақстан облысының Кәсіп­кер­лік және индустриялық-ин­но­вациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Кабаков. 

Сонымен қатар кеңес мүше­лері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Азық-түлік қорларын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тапсырма­сының орындалуы бойынша да бірқатар жауапты мекеме өкіл­дерін тыңдап, мәселеге назар аударды.