Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, – деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.