Оқушы смартфон алу үшін жинаған ақшасын су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеспек болған.
Кентаулық оқушы смартфонға жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берді
1,263
оқылды

Кентаулық оқушының есімі  Гауhар Шәймерден. Ол "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонына қатысып, елдегі қысылтаяң кезеңде халыққа көмек қолын созбақ болды. Себебі су тасқынынан кейін көптеген елді мекендер шайылып, жұрт баспанасыз қалды. Сондықтан ол ұзақ уақыт бойы смартфон алу үшін жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берген.

  Құлсарыны көріп, қатты уайымдадым. Сосын анама "Құлсарыға берейінші" деп айттым, сөйтіп анам "Жарайды" деп, апарып бердік",  деді ол.

Гауhар Шәймерден смартфонсыз да қалмады. Ол  "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонының эфирінде өзі армандаған телефонды сыйға алды.

"Арманыма жеткеніме қуаныштымын. Бұлай береді деп ойламадым. Алғысымыз шексіз", – деді оқушы.