Оңтүстік Калифорния жағалауында Manta Ray робот сүңгуір қайығының сынақтары өтіп жатқанын newatlas.com сайты хабарлады. Көп құпия мәліметтер айтылмаған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz жаңа робот қарудың техникалық сипаттарын талдайды.
Құпия сүңгуір қайықтың сыртқы пішіні скат балығына ұқсайды. Фото Northrop Grumman сайтынан алынды
Жұмбақ роботтық сүңгуір қайықтың сынақтары Оңтүстік Калифорния жағалауында басталғанын, әскери қайықтың Manta Ray деп аталатынын, сыртқы пішіні скат балығына ұқсайтын оның алғашқы суреттерін америкалық технологиялық жаңалықтар платформасы хабарлады.
B-21 Raider бомбалаушы ұшағы мен ғылыми-фантастикалық телехикаялардағы қайыққа Manta Ray америкалық әскерилердің құпия жобасы болып саналады. Дегенмен DARPA-ның сүңгуір қайығы туралы кейбір мәліметтер ашық дереккөздерге жарияланып кетті.
Бұл басқарманың құпия жобаның техникалық сипаттамалары мен қолданыс ауқымы туралы ақпарат өте аз.
Manta Ray-дің корпусында жасырынған құпия технологиялар көп. Фото Northrop Grumman сайтынан алынды
Manta Ray ұзақ қашықтықтарға жүк тасымалдайтын, яғни, торпедо, бомба немесе басқа да қарулармен жабдықталатын, жоғары төзімділікке ие сүңгуір аппараты деп таныстырылуда. Бұған дейін қашықтан басқарылатын робот сүңгуір қайықтары осындай өлшемдер жасалмаған еді.
Бұл аппараттың тағы бір ерекшелігі оны тасымалдауға арнайы үлкен көліктердің қажеті жоқ. Оны бөліктерге бөліп, стандартты контейнерлермен тасымалдауға болады.
Әскери-теңіз күштерінің операциялары кезінде құпия түрде сүңгуір қайықты бөлшектеп кез келген жағалауға апарып теңізге әскери тапсырма орындауға жіберуге болады. Осылайша, сүңгуір қайықты уақытты жоғалтпай, тасымалдау кезінде құпиялықты сақтап тасымалдауға болады.
Әскери сүңгуір қайық теңіз түбіне жатып, қарсыласын ұзақ уақыт күту режимінде жұмыс істей алады. Фото Northrop Grumman сайтынан алынды
Ашық дереккөздерде таралған суреттерден Manta Ray айтарлықтай үлкен екенін көреміз. Сондай-ақ оның қозғалтқыштары мен басқару тетіктері қайықтың артқы жағына жасырылған.
Байланыс антенналары корпустың шығыңқы жерлерінде орналасқан деп болжай аламыз және оның формасы су астында жүзгенде энергияны барынша үнемдейтін формасынан байқалады. Сүңгуір қайықты жобалаушылар Manta Ray-дің жылдамдығынан гөрі төзімділігіне көбірек мән берілген сияқты.
Бас мердігер Northrop Grumman компаниясының айтуынша, Manta Ray модульдік дизайнда жасалған және энергияны үнемдейтін жүйелерден құралған. Ол теңіз түбіне жатып, қарсыласын ұзақ күту режимінде жұмыс істей алады.
Су астындағы қозғалтқыш жүйелер, су астынан қауіптерді анықтауға және оларды бағалауға арналған жаңа құралдар, жоғары өнімді навигация және басқару жүйелері бар.
Ақпан және наурыз айларында өткен алғашқы сынақтарда робот сүңгуір қайықтың су астындағы гидродинамикалық көрсеткіштері, сондай-ақ қозғалтқыштың, басқарудың, жүзгіштік және басқару мүмкіндіктері тексерілді.
Manta Ray бағдарламасының менеджері доктор Кайл Вернер: «Біздің Manta Ray-ді сәтті толық ауқымды сынауымыз модульдік бөліктерден жылдам құрастырудан кейін көліктің нақты ұрыс кезінде пайдалануға дайындығын көрсетті. Модульдік еларалық тасымалдау, далалық жинақтау және кейіннен орналастыру барлық жүйенің үйлесімді жұмыс істейтінін дәлелдеді», – дейді.
Робот сүңгуір қайығында әртүрлі теңіз миссияларында қолдануға арналған әртүрлі өлшемдер мен типтегі бірнеше жүк тасымалдау орындары бар. Бұл жерде пайдалы жүк деген ұғымның артында зымырандар, торпедо мен бомба, басқа да қару түрлері тұрғаны белгілі.
АҚШ-тың әлемдегі көшбасшылығына қарсы мемлекеттер бүгінде аз емес. Сондай қарсыластармен соғыс бола қалған жағдайда америкалық генералдар жаңа технологиялық қаруларға жүгінетіні белгілі. Пентагонның бюджетінің мол болуы да осындай Manta Ray сияқты құпия жобалардың көптігімен түсіндіріледі.
Құпия сүңгуір қайықтың сыртқы пішіні скат балығына ұқсайды. Фото Northrop Grumman сайтынан алынды
Қысқаша анықтама
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің Перспективалық зерттеу жобалары басқармасы (DARPA) қарулы күштер үшін жаңа технологияларды әзірлеуге жауап беретін құрылым.
DARPA миссиясы – АҚШ қарулы күштерінің технологиялық артықшылығын сақтау, соғыстың жаңа техникалық құралдарының басқа елдерде пайда болуына жол бермеу, серпінді зерттеулерді қолдау және іргелі зерттеулер мен оларды әскери мақсатта қолдану арасындағы алшақтықты жою деп айтылады.
Northrop Grumman компаниясы 50 жылдан астам теңіз астында әскери мақсатта қолданылатын аппараттармен айналысады. Компанияның жаңа өнімі Manta Ray атауы үлкен скат балықтан алынған.
Ол жаңа ұшқышсыз су асты құралы, адамның қатысуынсыз мұхиттарда ұзақ қашықтықта әскери миссиялар орындауға қабілетті жаңа заманның соғыс құралы.
Робот сүңгуір қайық теңіз астындағы соғыстарда жасырын әрі жойқын соққы беруге арналған маңызды миссиялар орындауға арналған.