Су тасқыны кезеңінде көтерілген дамбының жалпы ұзындығы 149,43 км-ге жетті.
Жайық өзенінде су деңгейі төмендеп келеді
1,037
оқылды

Жайық өзеніндегі су деңгейі ақырындап төмендеп келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Соңғы тәулікте су деңгейі тағы да 7-8 см дейін түсті, қазіргі кезде ол 8 м 13 см-ді құрап отыр. Қауіпті деңгейі 8 м 50 см болған. Бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Облыс бойынша екі елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр. 12 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды, оның 5813-і бала. 12 эвакопункте 2329 адам қалып отыр, оның 1 011 бала. Қалғаны туған-туыстарында орналасқан. 4359 адам үйіне оралды, – деді спикер.

5 сәуірден бері облыстық гуманитарлық көмек қабылдайтын штабқа жалпы саны 1,3 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. 1,2 млн текше метр еріген қар суы сорылды. 

Су тасқыны кезеңінде көтерілген дамбының жалпы ұзындығы 149,43 км-ді құрады. Облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда.