Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, үсік жүреді: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
2,464
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Тек оңтүстік-шығыста, батыс пен оңтүстіктің жекелеген аудандарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте боран соғады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста, солтүстік және шығыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік жүреді.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.