Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 
Жайық өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр
4,618
оқылды

Атырау облыстық "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингіне сәйкес, 3 мамыр сағат 8:00-дегі жағдай бойынша БҚО аумағынан судың келуі есебінен Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

– Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 788 см, деңгейдің +38 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 565 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің деңгейі 812 см, деңгейдің тәулігіне +17 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см, қауіпті деңгейге дейін 38 см қалды.

Жайық өзені – Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 471см, тәулігіне деңгейдің көтерілуі +12 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 280 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, – делінген Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы жолдаған хабарламада.

3 мамырда Ирикла су қоймасынан су жіберу 141 м3/с құрайды.