Ұлттық академиялық кітапханада қоғам қайраткері, қарымды қалам­гер Әкім Ысқақтың «Адам іздеп жүрмін!» атауымен өнер кеші өтті. Кез­десу­де жазушы-журналист, сазгер, сатириктің «Менің Қосжаным», «Күн ұлымын», «Біздің Бапақ» кітаптарының тұсауы кесілді.
Оқырманға жол тартқан үш кітап
622
оқылды

Тағылымы мол рухани іс-ша­ра­да оқырман қолына енді тиген туындының біреуі ақын Қосжан Мүсірепов туралы болса, қалғаны балаларға арналған. 30-ға жуық кіта­бы жарық көрген жазушының «Қошақандар» өлеңі 1974 жылы жа­рияланыпты. Сол жылдардан бас­тап ол «Жүректегі жазуларын» жал­ғастырып келеді.

– Адамда жүрек болса ғана бір-бірін іздейді, сағыныш бола­ды. Кездескенде жаттанды сөз емес, жүрек үнін айтады. Мен үшін бұл кеш сондай болды. Атам жарық­тық­тың қайтыс болғанда кабине­тін­дегі үстелінен екі қалың дәп­те­рі табылды. Осыдан 50 жыл бұ­рын жазылған: «Ешқашанда жақ­сылықтан үміт үзбеңдер. Жа­ман­дық іздеме. Адал адамдар із­дең­дер, олар өмірдің мәні мен ма­­­­ғынасын ұғындырады» деген өсиет сөздер ешқашан жадымнан шыққан емес. Шынында, мен өмір бақи адам іздеп жүрмін. Кіта­бым­ның аты да «Адам іздеп жүр­мін», – деді жазушы Әкім Ысқақ.

Қаламгердің «Ерте есейген қыз», «Темір табыт», «Асқаровтың кад­ры», «Көңіл қымбат», «Ал­ты­ным» туындылары оқырманның әлі жадында. Әдеби-сазды кеште өнер иесінің әндері шырқалып, көп­­шілік қауым көркемсөз ше­бері­нің жырларымен сусындады.