Филолог Балтабек Ерсәлімов белгілі ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген.
Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті
Фото: gov.kz
1,382
оқылды

Белгілі өлкетанушы, журналист, ұлы Абайдың жиені, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының Құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері. 

Филолог Балтабек Ерсәлімов белгілі ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келген. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорының ашылуына ықпал еткендердің бірі. 

1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.