Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– 2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді, – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Келісім күшіне енсе, екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.