Астанада Отан қорғау­шы­лар күні мен жеңістің 79 жыл­дық мерекесіне орай №44 орта мектебіне халық ба­тыры, қаһарман Ра­қым­жан Қошқарбаевтың есімін беру және ескерткішінің сал­танатты ашылу рәсімі бол­ды.
Мектепке Қошқарбаев есімі берілді
2,630
оқылды

Салтанатты рәсімде мектеп ди­ректоры Ляззат Култаева қо­нақ­тар мен ұстаздарды, оқу­шы­ларды құттықтап, мерекелік жиын­ның шымылдығын ашты.

– Армысыздар, аса құрметті ар­дагерлер, қонақтар, ұстаздар, жә­не оқушылар! Отан қорғау­шы­лар күні мен жеңістің 79 жыл­дық мерекесіне орай және мек­тебімізге халық батыры Ра­қым­жан Қошқарбаевтың есімін беру, ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қош келдіңіздер. Мек­тебі­міздің Берлиндегі Рейхстагқа ал­ғаш болып жеңіс туын тіккен қа­зақ халқының батыр ұлының есі­мімен аталуы біз үшін зор мақ­таныш. Бүгінде Рақымжан Қош­қарбаев атамыздың ерлік, ба­тырлық өнегесі ұрпақты Отан­ға деген сүйіспеншілік рухта тәр­­биелеудің озық үлгісіне айна­лып отыр. Барлықтарыңызға қуа­ныш құтты болсын! – деді Ляззат Култаева. 

Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, Отанға деген сүйіс­пеншілікті және ерлік пен өрлік қасиетті сіңіруде мектептің қа­зақтың батыр ұлдарының есі­мі­мен аталуының мәні мен маңы­зы зор. Осы орайда №44 ор­та мектебінің ардақты ұстазы, Отан алдындағы борышын адал атқарған Ауған соғысының ар­дагері Бақытбек Терсебаевтың мек­тепке Рақымжан Қош­қар­баев­тың есімінің берілуіне қос­қан үлесі зор. Ол батыр тура­лы тари­хи естеліктер мен мұраларды жинақтап, батырға арналған кабинеттің ашылуына көп еңбек сіңірді. Ардагер ұстаз да қонақтар мен ұстаздарды, оқушыларды мерекемен құттықтады.

– Мектебімізге Рақымжан Қош­қарбаевтың есімінің беріл­ге­ніне қатты қуандым. Халқы­мыз­дың ел қорғаған ерлері мен ба­тыр ұлдарының қаһармандығы балаларымызға, ұрпағымызға мұра болып, мәңгі жасай берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын, – деді Бақытбек Терсебаев.

Ал Астана қаласы Білім объек­тілерінің тыныс-тіршілігін қам­тамасыз ету және абаттан­дыру бөлімінің басшысы Мәди­на Сүлейменова жиналған көп­шілікті мерекемен құттықтап, Ра­қымжан Қошқарбаевтың өмі­рі мен ерлігі туралы айтып бер­ді.

– Мереке құтты болсын! Ра­қым­жан атамыздың атымен атал­ған мектепте оқитын барлық оқу­шыға, жас буынға елін-жерін қорғаған батырларымыздай ер­жүрек болып өсіңдер деп тілей­мін, – деді ол.  

Мерекелік кеш мектеп өнер­­паз­дарының  орындауын­дағы хал­қымыздың асқақ рухты ба­­тыр­лық-ерлік туралы ән-күйі­­мен өрнектеліп, мың бұ­рал­ған биі­мен көмкерілді. Мек­теп оқу­шылары дайында­ған сахналық көрі­ніс батырдың өмірі мен со­ғыс жылдарындағы май­дан да­ласынан сыр шертті. Мерекелік іс-шарада ақ тілек­тер ақтарылып, құттықтаулар толастамады. 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ