Отан қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Батырлық майдан алаңында ғана емес, бейбіт кезеңде де көрініс табады – Дәулет Кәрібек
Фото: amanatpartiasy.kz
1,177
оқылды

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Әлеуметтік желідегі жазбасында батырлық  майдан алаңында ғана емес, бейбіт кезеңде де көрініс табатынын атап өтті.

«Отан қорғаушы күні құтты болсын! Ұлағаты мол ұлтымызда «Ел ерімен еңселі» деген сөз бар. Батырлық тек майдан алаңында ғана емес, бейбіт кезеңде де көрініс табады. Биыл еліміз алапат тасқынға тап келгенде, айбынды армиямыз алдыңғы шептен табылып, антына адал, сертіне берік екенін көрсетті. Күні кеше Мемлекет басшысы мұны арнайы атап өткен болатын! «Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы», – деді Президент. Отан қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз, перзенттік парызымыз әрі қастерлі борышымыз! Елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін қырағы қорғап тұрған айбынды армиямыз жасай берсін! Мереке құтты болсын!», – деп жазды.