Өңірде тәулігіне 204 444 текше метр су сорылған.
Су тасқыны: Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда
861
оқылды

Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары әлі де тәулік бойы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде тәулігіне 204 444 текше метр су айдалған. Ал су тасқыны басталғалы барлығы 4 521 719 текше метр су сорылған.

ҚР ТЖМ құтқарушы күштері 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Енді Құлсары қаласында 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.

Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.