Балалардың бірі екіде, ал екіншісі 5 жаста.
Ақтөбеде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
925
оқылды

Ақтөбе қаласында екі бала көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Екеуі де бірден жансақтау бөліміне жатқызылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 және 7 мамыр күндері екі бала бесінші қабаттан құлап кеткен. Балалардың бірі екіде, ал екіншісі 5 жаста.

– Қараусыз қалған екі жасар бала терезеден құлаған. Бала аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы ауыр. 7 мамырда кешкі уақытта бес жасар баланың да көпқабатты үйдің бесінші қабатының терезесінен құлағаны туралы тағы бір хабар түсті. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Анасы мен баласы облыс орталығына Шалқар ауданынан келгені анықталды. Балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайды. Сонымен бірге баланы балконға жалғыз шығармаған дұрыс, – деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.