Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған.
Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды
657
оқылды

Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7-8 жастағы балалар су маңында ойнап жүрген. Балалардың бірі судағы допты алып шықпақ болып, балшыққа батып қалған. Мұны көрген екінші бала айқайлап, көмекке шақырған.

ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызмет инспекторы Сұлтан Орынбек жедел әрекет етіп, баланы балшықтан алып шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.