Соғыстың кесірінен әрбір екінші қазақстандық үйіне оралмады.
Батырлардың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады – Шолпан Каринова
618
оқылды

«AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова ҰОС ардагері Раиса Сафоничеваны 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Раиса Сафоничева 1943 жылы өз еркімен майданға аттанған. Бір жарым айдың ішінде ол байланыс курсын оқып шығып, содан кейін соғысқа барды. Украина, Молдова, Румыния және Венгрия үшін шайқастарға қатысты. Ал Жеңіс күнін Будапештте қарсы алған.

«Хабарламаларды, бұйрықтарды, фронттағы жағдайды жылдам әрі дер кезінде жеткізуге байланысшы жауапты болды. Сондықтан соғыстағы байланысшының жұмысы құрметті және жауапты саналды, шайқастағы жеңістер де соған байланысты болды. Жалпы, соғыстың кесірінен әрбір екінші қазақстандық үйіне оралған жоқ. Батырлардың есімдері біздің жадымызда мәңгі қалады, ардагерлер әрқашан партиямыздың назарында болады», – деді Шолпан Каринова.

Раиса Сафоничеваның II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Украинаны азат еткені үшін», «Будапештті азат еткені үшін», «Маршал Г.К.Жуков», Еңбек ардагері, «Тың игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін» және т. б. медальдары бар.

Соңғы жылдары ол «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады. Құрметті жасына қарамастан, Раиса Егоровна қоғамдық өмірге белсенді қатысады. Айта кетейік, келесі жылы ардагер 100 жасқа толады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.