Ол қазір айтылып жатқан әңгімелер өзін тығырыққа тірегенін жеткізді.
«Абьюзер емеспін, әйелдерді құрметтеймін»: актер Асқар Ілиясов Айя Шалқарды ашық диалогқа шақырды
Фото: YouTube
1,150
оқылды

Актер Асқар Ілиясов модель Айя Шалқардың айыптаған сөздеріне жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Актер Instagram-дағы парақшасында модельді ашық диалогқа шақырды.

"Мен бұлай жазамын деп ойламаған едім. Бірақ Айяның сторисіндегі әңгіме қоғам алдында талқыланып, шектен шығып барады. Мен абьюзер емеспін, әйелдерді жақсы көремін, құрметтеймін. Ал Айямен арамызда болған жайттар екеумізге ғана қатысты. Мен оны жақсы көремін және құрметтеймін. Біз екіге кеттік. Төрт ай қарым-қатынастан кейін бір шешімге келіп, бөлек кетуді жөн көрдік", – деп жазды Асқар Ілиясов. 

Ол қазір айтылып жатқан әңгімелер өзін тығырыққа тірегенін жеткізді. Сонымен бірге осыған қатысты сұхбаттасуға шақырды.

"Ақталмаймын, диалог болғанын қалаймын. Біз бұл туралы жеке де сөйлесе аламыз, бірақ егер біздің қарым-қатынасты қоғамдық форматқа айналдырғың келсе, оны бірге талқылайық, Тимур Балымбетовпен бірлескен сұхбат түсіріп, маңызды жайттар туралы әңгімелейік. Менің ойымша, бұл тек біз үшін ғана емес, қарым-қатынаста түсінісе алмайтын барлық адамдар үшін пайдалы болады деп ойлаймын", – деп жауап берді ол. 

Айта кетейік, Айя Шалқар бұрынғы қарым-қатынасы туралы  пост жариялаған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.