Заида Бекхожина – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз.
Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті
1,344
оқылды

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қалижан Бекхожинның жары Заида Бекхожина өмірден өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы растады. Марқұмды ақтық сапарға шығарып алу рәсімі 12 мамырда сағат 10.00-де өтеді.

"Қазақстанның Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина дүниеден өтті", - деп жазылған хабарламада.

Заида Бекхожина – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз. Ол ұзақ жыл мектепте тарих пәнінен сабақ берген.

Сонымен қатар Заида Бекхожина – ақын, драматург, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің жұбайы. 

Қалижан Бекхожиннің есімі қазақ әдебиеті тарихында алтын әріппен қалған. Жазушыға "Менің замандастарым" атты еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. Сондай-ақ, жазушы ұрпақты Отаншылдыққа, ел мен жерді сүюге баулитын "Жусан" поэмасын жазды. Ал ақ адал махабаттың үлгісі ретінде артына "Мариям Жагорқызы" сияқты тың туындылар қалдырды.