Мәжіліс Cпикері Ерлан Қошанов­тың төрағалы­ғымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс Cпикері Ерлан Қошанов­тың төрағалы­ғымен бюро отырысы өтті
477
оқылды

Депутаттардың талқылауына  екін­ші оқылымда «Мемлекеттік са­­тып алу туралы» және «Жол жү­рі­сі туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­­сының Заңына жекелеген көлік құ­ралдары түрлерінің жүруін ұйым­­дастыру және жол қауіп­сіз­ді­гін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­лары ұсынылады.   Әр заң жобасы бойынша Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекске тиісті өз­герістер мен толықтырулар ен­гі­зіледі.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң Президенттің мем­ле­кет­тік сатып алу саласын жетілдіру жө­ніндегі тапсырмаларын іске асы­руға бағытталған.

Атап айтқанда, Мемлекет бас­шысының 2024 жылғы 7 ақпан­да­ғы Үкіметтің кеңейтілген оты­ры­сын­да берген тапсырмаларына жауап ретінде заң жобасында EPC-келісімшарттарды енгізу, офтейк-келісімшарттар арқылы отан­дық өндірушілерді қолдау, ша­­­ғымдану рәсімдерін жетілдіру, жет­кізушілердің жауапкершілігін кү­шейту және басқа да шаралар көз­деледі.

Жол жүрісі туралы заңға енгі­зі­летін жекелеген көлік құралдары түр­лерінің жүруін ұйымдастыру жә­не жол қауіпсіздігін цифр­лан­дыру мәселелері бойынша тү­зе­ту­лерге Парламент депутаттары бас­­­­­тамашылық етті. Заң жоба­сын­­да көлік құралдарының (мо­пед­тердің) жекелеген түрлерін ба­қылауды жүзеге асыру, мопед­тер­ді мемлекеттік тіркеу (қозғалт­қыш­тың көлемі 50 текше см-ден тө­мен), оларды тіркеу рәсімін оңай­лату, мопедтерді басқару үшін жүргізуші куәлігін алу, мопед жүр­гізушілерінде «В» санатын­дағы жүргізуші куәлігі болған жағ­д­айда «А1» санатын автоматты түр­де беру көзделеді. Заң­бұзу­шы­лық­тар үшін жауапкершілікке қа­тысты бірқатар норма ҚР Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы ко­декс­ке тиісті түзетулер аясында ен­гізіледі. 

Сонымен қатар Мәжіліс ко­ми­теттері зияткерлік меншік, тауар­лардың шығарылған елін ай­қындау, ақпарат, қоғамдық да­му, мәдениет және архив ісі са­лаларындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регла­менттелуін болғызбау мәселелері бойынша жаңа заң жобаларын жұмысқа алады. Сондай-ақ Қа­зақ­­стан мен Қытай арасындағы Транс­каспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еу­ропа қатынасындағы контей­нер­лік пойыздар үшін дамыту жө­нін­дегі келісімді ратификациялау жо­балары, Қазақстан мен Өзбек­стан арасындағы «Орталық Азия» ха­лықаралық өнеркәсіптік коопе­рация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратифи­ка­циялау туралы заң жобасы да жұ­мысқа алынады.