Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғын­дардың бір тобы кеше шипажайға демалуға аттанды. СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, алғашқы 10 адам Щучинскідегі шипажайға баруға жолға шықты.
Баспанасыз қалған тұрғындар шипажайға аттанды
фото: СҚО ішкі саясат басқармасы
440
оқылды

Қиын жағдайға тап болған әлеу­меттік аз қамтылған отбасы­лар­дың мүшелеріне Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі мен облыстық кәсіподақ ор­талығы осылайша қолдау көр­се­тіп отыр. Қазір өңірде су тасқыны бойын­ша жағдай біршама тұрақ­та­лып, тұрғындардың алды үйіне ора­лып жатыр. Десек те, басым бө­лі­гі туған-туыстың үйін жағалап, уа­қытша тұру пунктін паналауға мәж­бүр. 

«Бүгін Щучинскідегі ши­па­жай­ға 10 адам жайлы көлікпен жолға шық­ты. Олар мамырдың 10-ы мен 19-ы аралығында сонда болады. Қа­зір шипажайда тағы да бос орын­дардың бар-жоғы анықталып жа­тыр. Соған қарай сапар жалғасын та­бады. Біздің қолымызда зардап шек­кен адамдардың тізімі бар. Ха­бар­ласып, ұсынамыз. Үйі техника­лық тексеруден өтіп, шығыны ба­ға­­ланған тұрғындар баруға к­е­­­лісімін беріп жатыр», – дейді СҚО Жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­мет­тік бағдарламалар басқармасы бас­шысының орынбасары Татьяна Береская.

Келесі топ 12 мамырда Алматы қа­­­­ла­сындағы «Көктем» шипа­жайы­на барады. Тұрғындар демалыс ор­нына тізім бойынша іріктеліп алын­ған. Демалушыларға алдын ала ескертіледі. 

 «Отбасымызбен 2 қабатты үй­дің бірінші қабатында тұрдық. Тас­қын су үйдің шатырына дейін жет­ті. Әрине, бізді алдын ала ескер­тіп, эвакуациялады. Бірақ дәл мұн­дай жағдай болады деп күтпедік. Бү­гін шипажайға кетіп барамын. Осын­дай мүмкіндік беріп, жағ­дайымызды ойлап жатқан жандарға ал­ғысым шексіз. Бізге өздері хабар­ла­сып, шақырды», – дейді Петро­павл тұрғыны Ольга Петерс.

Барлық шығынды облыстық кә­сіподақ орталығы өтемек.