Қазақстандық азамат Бейбіт Баймолда Лондонда адам өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz TSCnews-ке сілтеме жасап.
«Крэнстон Гарденс E4 мекенжайында 42 жастағы ер адам пышақ жарақатын алғаннан кейін 37 жастағы Бейбіт Баймолдаға адам өлтірді деген айып тағылды», – делінген хабарламада.
6 мамыр күні сағат 21.00 шамасында полицияға қоңырау түскені хабарланды. Оқиға орнына жеткен полицейлер пышақ жарақатымен жатқан жәбірленушіні тапты. Келген дәрігерлер тиісті көмек көрсеткенмен, ер адам алған жарақатынан көз жұмды.
«Адам өлтірді деген күдікпен Бейбіт Баймолда мен 33 жастағы әйел оқиға орнында ұсталды», – делінген хабарламада.
Баймолдаға қатысты айып тағылып, 33 жастағы әйел қосымша тергеуге дейін кепілмен босатылғаны атап өтілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.