Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішіп алған: Полициядан қашқан жүргізуші адамдар тұрған аялдамаға соғылды, адамдар қаза тапты
1,299
оқылды

Алматы облысының Іле ауданында көлік адамдар тұрған аялдамаға соқтығысқан, – деп жазады Aikyn.kz.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

"12 мамырға қараған түні "Бүркіт-35" полиция экипажы Байсерке ауылын патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 автокөлігі күдік туғызған. Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемей, қашып кетуге тырысқан. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген автожолының 32 шақырымында автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кеткен. ЖКО салдарынан екі адам қаза болды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы көлікті орташа дәрежедегі мас күйде жүргізген.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік арнайы тұраққа қойылды. Екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп қосты Әленов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.